Жазға дайынбыз

27.05.2015 1261

Оқу жылы аяқталды, олай болса, жазғы демалыс та басталды. «Астана Опера» афишасына көз салсаңыз, демалысты қалай өткіземіз деген сұрақтың жауабы табыла кетеді. Балалармен ойын негізінде құрылған концерттік бағдарлама, симфониялық ертегі және басқа да көптеген еліктірер шараларды театрдың шығармашылық ұжымы «Алақай! Демалыс!» атты балалар абонементіне енгізді.

DSC_8569 (1)

Билет бағасы өте қолайлы етіп белгіленгенін айта кету керек. 1000 теңге тұратын «Алақай! Демалыс!» абонементін сатып алып, төрт концертке баруға болады. Егер көрермен тек бір концертті таңдаса, онда билет құны 500 теңгені құрайды.

Абонемент шеңберінде ұсынылатын бағдарлама балаға симфониялық оркестрдің құрамы, құрал және оның шығу тарихы, сондай-ақ вокалдық дауыс түрлері жайлы толыққанды мағлұмат береді. Концерттер арасындағы байланыс қисынына қарай бірінен кейін бірі қойылды: 2 маусымда «Тату-тәтті ішекті отбасы және басқа аспаптар», 3 маусымда «Тату-тәтті үрмелі және соқпалы аспаптар отбасы», 8 маусымда С. Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі музыкалық материалды түйіндесе, ал 9 маусымда кішкентай тыңдарманға «Алақай! Демалыс!» (Түрлі музыкалық дауыстар) концерті ұсынылады.

- Концерттер кроссворд, жұмбақ, сондай-ақ мультфильмдердің үзінділерінен тұратын ойын түрінде өтеді. Алғашқы үш концерт симфониялық оркестрдің аспаптарына арналса, абонементті түйіндейтін «Түрлі музыкалық дауыстар» концерті балаларды, «Астана Опера» театрының солисттері паш ететін, дауыстың саналуан бояуымен таныстырады. Әртістер әлем классикасының белгілі операларынан ең үздік әрі қысқа арияларды, романстарды және әндерді шырқайды. Біз балалардың бойына музыка өнеріне деген сүйіспеншілік дәнін сепсек дейміз, осылайша театрға келу олар үшін жақсы дәстүрге айналсын, – дейді «Астана Опера» театрының музыкатанушысы Сәуле Мәулетова.

Концерттер кіші және орта мектеп жасындағы балаларға арналған, олардың мақсаты – жас тыңдарманның бойында танымдылық және шығармашылық қасиеттерін дамыту.

Концертті жүргізетіндер – музыкатанушы Сәуле Мәулетова мен Төлеген Назарбеков.

Барлық концерттер қазақ (12.30) және орыс (11.00) тілінде жүреді.

по материалам: astanaopera.kz

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>