Жүректегі мейірім

01.06.2015 1217

DSC_1341

7 маусымда Балаларды қорғау күніне орай «Астана Опера» Камералық залының сахнасында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерті өтеді. Концертті Астана қаласының балалар үйінен келетін тәрбиеленушілер тамашалайды.

Балалар студиясы осымен екінші рет қайырымдылық концертін ұйымдастырып отыр. Астаналық театрдың жас әртістері өнерін, бар көңілін өздерінің құрдастарына арнаса және сол жас көрерменнің ыстық ықыласына бөленсе деп тілейміз, – дейді балалар студиясының жетекшісі Майя Бекназар.

Көрерменнің іші пыспайды, неге десеңіз концерт барысында вокалдық номерлер балеттік номермен аралас жүреді, атап айтсақ, балаларға Х. Бибидің «Мен музыканы білмейді деп кім айтты», М. Ілиясовтың «Мерекем – сен», Т. Мұхамеджановтың «Заман-ай», Ф. Грубердің «Тым-тырыс түн», Д. Тухмановтың «Шатырда көкқұтан», П.И. Чайковскийдің «Жаңғақ шаққыш» балетінен «Қар үлпегінің вальсі» және басқа да көптеген туындылар ұсынылады.

- Бағдарламаға балалар студиясының екінші маусым барысында жаттаған шығармалары енгізілді. Балалар репертуары режиссерлық-қойылымдық тұрғыдан алғанда жаңа қырынан ұсынылатын қызықты әндерден тұрады. Өзінің бойындағы өнерін, театрымыздың Үлкен сахнасында Дж. Пуччинидің «Тоска» операсының үшінші актінде жеке дауыста балақай бақташыны орындап қойылымға қатысқан, жас әртістер көрсетеді. Кейбір әртістер осы күні сахнаға алғаш рет шығады, – деп толықтырды Майя Бекназар.

ҚР Еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бактай және театр солисті Талғат Ғалеев жас әншілерді – Айша Орынбасарова, Алиса Шайпак, Айрика Нәриман, Әзиза Ахмеджанова, Адиля Сәрсенова, Алиша Нұрмағамбетова, Мария Савостьянова, Лаура Күлекешева және басқаларын қолдап сахнаға шығады.

Ұйымдастырушылар, Балаларды қорғау күні – оқу жылы аяқталып, күн нұры жылуын төгіп, салқын самал маңдайдан есіп, балалардың арқаны кеңге сала өмірдің шаттығын сезінетін жаздың тамаша мерекесі екенін атап өтті. – Балалар бойларындағы өзіндік ерекшелігі, өмірге деген құштарлығы сияқты қасиеттерін өмірде жоғалтпаса екен деп тілейміз.

 по материалам: astanaopera.kz

 

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>