Алтынай Асылмұратова: «Жіберіп алма!»

08.06.2015 1306

Ресейдің Халық әртісі, Мариинский театрының және ағылшын Корольдігі балетінің прима балеринасы, бүгінде«Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова балеттік труппаның директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиевпен бірігіп, 21 маусымда елордалық театрдың Үлкен залында өтетін Гала балеттің бағдарламасын әзірледі.

Балерина Алтынай Асылмұратова мансап жолында әлемге естен кетпес хореографиялық кейіпкерлерді паш еткен. Көркемдік жетекші ретінде кейін халық әртісі көптеген өнер шаңырағында классиканың маржандары – аса көрнекті хореографтар дүниеге әкелген балеттік номерлерді айнытпай шығарды.

_DSC8419

- Гала бағдарламасына біз бұрын-соңды «Астана Опера» сахнасында көрсетілмеген номерлерді қостық. Біз әзірлеп жатқан шығармашылық жұмыс көрерменімізге труппамыздың жас әртістерін жаңа қырынан ашса дейміз, – дейді Алтынай Асылмұратова.

Екі бөлімнен тұратын бір жарым сағаттық бағдарламада дуэттер, трио, па-де-де, гран-па ең әйгілі әрі сүйікті балеттерден үзінділер ұсынылады, олар: Й. Байердің «Қуыршақтар перісі», Н. Римский-Корсаковтың «Шахеразадасы», Ф. Шопеннің музыкасына қойылған «Елестегі балы», С. Рахманиновтің «Көктемгі сулар», Л. Минкустың «Дон Кихоты», Б. Асафьевтің «Париж жалыны», К. Сен-Санстың «Өліп бара жатқан аққуы», А. Бородиннің «Игорь князь» операсынан «Қыпшақтар биі», Ғалия Бөрібаеваның қойылымындағы К. Күмісбековтің музыкасына шығарылған «Биші қайың» биі және басқалары.

_DSC8209

Әртістер қойылатын номерлердегі әрбір қимылға ұзақ әрі жіті дайындалды. Әлі тым жас бишілер балеттің тәжірибелі әртістері: Мәдина Баспаева, Гауһар Усина, Тайыр Гатауов, Жандос Әубәкіров, Әйгерім Бекетаева, Әнел Рүстемова, Бақтияр Адамжан, Арман Оразов, Әсел Құсайынова, Серік Нақыспеков, Елдар Сәрсембаев, Гүлзира Жантемір, Марат Әбдірахманов, Назерке Аймұхаметовалармен бір қатарға тұрып өнер көрсетеді.

- Бағдарламада қызықты номер көп. Әр жаңа концерт сайын оның мазмұны өзгеріп отырады, және, айталық, көрермен осы жобаны тамашаламаса, келесі жолы көре алмайтынын атап өтейін. Сол себепті, жіберіп алмаңыздар, – дейді сөзін түйіндеген Алтынай Асылмұратова.

Көрермен жаңа номерлермен қатар, сахнаның жаңа жабдықтарынан, дизайнына дейін «Астана Опера» тігін цехының қызметкерлері дайындаған жаңа костюмдерден әсер алады. – Біз әзірлеген номерлердің костюмдерінде ұсақ-түйектер өзгеріске ұшырады, әсіресе «Шахерезада» номерінікі, дегенмен жалпы алғанда костюмдер спектакльдердегі түпнұсқалық қалпын сақтап қалды. Түсін таңдаған кезде нәзік романтикалық реңдерді: ашық көгілдірді, ашық қызғылтты және көгілдірді таңдадық, – дейді дизайнер Әсел Досмұратова.

Концерт 19:00 басталады, билет бағасы 500 теңгеден жоғары

по материалам: astanaopera.kz

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>