Гүлжанат Сапақованың дебюті

09.06.2015 1216

_DSC2586789

 

Хеннинг Брокгауздың қойылымындағы, әйел жанының айбындылығын баяндайтын, Дж. Вердидің «Айналар травиатасы» елордалық театр сүйер қауымның сүйікті спектакліне айналды. 14 маусымда «Астана Опера» театрының Үлкен залында куртизанка Флора Бервуаның рөлінде алғаш рет СКРО Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың шәкірті, халықаралық конкурстардың лауреаты Гүлжанат Сапақова өнер көрсетеді.

- Флора – жеңілтек, қағылез, қызба, өмірге ұмтылған әрі есепшіл: діттеген мақсатына қарай нақты қадам басып, табысқа жету үшін қолынан келгеннің барлығын жасайтын адам. Ол – мінезі мықты нәзік жан. Аталған партияны орындау үшін әншінің тек вокалдық қана емес, актерлық шеберлігі де мол болуы қажет, – деп атап өтті Гүлжанат Сапақова.

14 маусымда сырға толы да, тамаша Виолетта Валеридің ролін ҚР Еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай орындаса, жастық жалыны теңіздей тасыған ғашық Альфред Жермонды операның жетекші солисті Мейір Бәйнешов жеткізеді, ал қатал әрі қамқор әке Жорж Жермонның бейнесін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев сомдайды. Аталған кеште дирижерлық тізгінде – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Дж. Вердидің музыкасы мінсіз де, шексіз махаббатты баяндайды. Балдың шуға толы қарбаласы, жүректі тулатқан сезімдер, таң қаларлық адам жанының пәктігі, бақыт жайлы армандар, сондай-ақ ауру мен өлім жайлы қайғылы тақырыптар ұлы композитордың дана партитурасында керемет көрініс тапқан. Батыл жаңа сюжеттерді жаны қалайтын албырт та, қызба Джузеппе Верди, еркіндікті сүйетін һәм адал, шынайы махаббатқа және өзін-өзі шынымен де құрбан етуге дайын тұрған кемел бас кейіпкердің бейнесін жасады.

Йозеф Свободаның жүректі де, жаңашыл декорациялары мен Джанкарло Колистің «суреттегідей» сәнді костюмдері көрерменді XIX ғасырдағы париждік орта деңгейлі салондарға еліктіріп әкетеді. Спектакль бойы шағылу бұрышын ақырын өзгертіп отыратын айналар, соңында көрерменге бұрылып, олардың да осы қойылымның қатысушысы екенін білдіреді.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиев пен Валентина Эскобар (Италия) шығарған соны хореографиялық номерлер, қалыптасқан дәстүр бойынша, опералық спектакльге сән беріп, қойылымды танымал туындылардың біріне айналдырып, аша түсті. Оның тамашалаған әрбір көрерменнің көңілінен шығатыны сөзсіз.

Александр Дюма-ұлының «Камелия ұстанған ханым» романының желісімен жазылған опера тыңдарманға алғаш рет 1853 жылдың 6 наурызында венециялық «Ла Фениче» театрында ұсынылған болатын. Либретто авторы Франческо Мария Пьяве. «Астана Опера» театрында операның тұсаукесері 2014 жылдың 22 қарашасында үлкен табыспен өткен еді.

сағат 50 минут жүретін спектакль екі антрактіден тұрады. Итальяндық тілде орындалады (қазақ және орыс тілінде ілеспе аударма жүреді).

Спектакль 19:00 басталады, билет бағасы 500 теңгеден басталады.

 

по материалам: astanaopera.kz

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>