Сан-Карло Театрының труппасы Астанаға жол тартты

02.07.2015 1136

 

Балет өнерін сүйер қауым маңызы зор оқиғаны – Қазақстанға алғаш рет гастрольмен келіп, 5 және 6 шілдеде өнер көрсететін итальяндық Сан-Карло Театрын тағатсыздана күтуде. Шығармашылық топ ертең Астанаға жетеді.

Сан-Карло директоры Розанна Пуркия басқарған 63 балет әртісі елордалық әуежайға Астана уақыты бойынша таңғы 5.45келіп қонады. Қазір бишілер өз елінде соңғы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Біздің сұрақтарымызға олар қуана жауап қатты:

 - Иоланда, Йоэль Карреньоның жұбы болып жұмыс істеген қиын емес пе?

- Йоэль Карреньо – тамаша серіктес. Оған тең келетін балет әртісі көп емес. Оның әсемдігі мен мәрттігі спектакльдің көркемдік деңгейін арттыра түседі, оның орындау техникасының тазалығы әрбір жаңа тұсаукесер сайын жақсарып келеді, – дейді Жизель партиясын орындайтын Иоланда Корреа.

- Қазақстандық көрермен тамашалайтын қойылымда басты кейіпкерлер бейнесі жаңаша сомдалады деуге бола ма?

Әңгімеге Сан-Карло Театрының балетмейстері Линц Чанг қосылды.

Көзтартарлық әрі ең асқақ балериналардың бірі болып табылатын Иоланда Корреаның орындауындағы Жизель ролінің ұсақ-түйегі: балеринаның әрбір қимылы ұлы хореограф Людмила Семеняканың сүзгісінен өткен, ол өз кезегінде Жюль Перроның, Жан Кораллидің және Мариус Петипаның түпнұсқадағы қойылымын негізге алған. Дегенмен, ол спектакльдегі басты бейнелерді өзіндік көзқарасына сай шығарды, әрине.

«Жизель» кез келген балеттік труппа үшін күрделі балет болып табылады дейді сөзін жалғастырған балетмейстер.

- Бұл спектакль – бақытты, қайғыны, азапты немесе жаңа өмірді таңдау, бұл жандану, арайлап атқан таң. Дәл осы балетті Қазақстанда қоюға бел буғанымыздың тағы бір себебі, кордебалетіміздің мүмкіндігін және асқан шеберлігін көрсеткіміз келді.

Тіпті соғыс кезінде жабылмаған көне балет мектебінің өкілдері – жіпке тізгендей тұра қалатын жас балет әртістері күніне 8сағат репетиция жасайды, неге десеңіз, біздің өнер сүйер қауыммен қауышатын жауапты күн жақын қалды.

- Көрермендеріңіз бізді жылы ықыласпен қарсы алады деп үміттенеміз және сол сәтті асқан толғаныспен күтеміз. Барша қазақстандықтарды шын жүректен Астана күнімен құттықтаймыз және шақырғандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз, -дейді солисттер.

Әртістер соңғы дайындықтарын пысықтап, жолға дайындалып жатса, бұл кезде спектакльдің декорациялары ұзақ жолды артқа тастап, «Астана Опера» театрына жеттіСолисттер ұшақтан түскенше, жаңа жабдыққа оранған елордалық сахна итальяндық бишілерді қабылдағанға дайын тұрады.


Giselle_foto Francesco Squeglia_8820

 

Giselle_foto Francesco Squeglia_8580

 

Giselle_foto Francesco Squeglia_6656

 

Giselle_foto Francesco Squeglia_8885

 

_DSC6665

 

_DSC6640

 

по материалам: astanaopera.kz

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>