Ашық аспан астындағы «Аида»

30.06.2015 1268

 

2015 жылғы 01 шілде. Астана. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жаңа жобаны – Бейбітшілік және Келісім сарайының алдындағы ашық алаңда Дж. Вердидің «Аида» операсын сахналауды жүзеге асырады. Бұндай қойылым Қазақстандағы айрықша оқиғалардың бірі болып отыр, ұйымдастырушылар сәнді декорацияларымен, шоу элементтерімен, отшашумен және көптеген тосынсыйларымен сахналанатын бұл атақты операның жаңа форматы Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының есінен кетпес қойылымдарының бірі болатынына сенімді.

- Бұл мереке-спектаклді біз Астана күніне арнаймыз. Ашық аспан астында спектакль қою – театрда ерекше жанр. Онда көптеген факторлар – театрлық алаңның ауқымдылығы, өзгеше отырғызу және орасан зор көрермен аудиториясы, әртістер санының әдеттегіден айтарлықтай көп болуы, арнайы жарық және бейнеқұралдарын пайдалану, – дейді мереке ұйымдастырушылары.

Көрермен мерекелік көңіл-күйді шынайы декорация болатын Пирамидаға жақындаған кезден-ақ сезіледі. Оның етегінде ат ерттеген шабандоздар оқиға өрбіп жатқан мысырлық сәулетті одан бетер аша түседі. Атақты сценограф және режиссер Франко Дзеффиреллидің тамаша декорациялары ұланғайыр бейнеинсталляциясын толықтыра түссе, көрініс соңы Радаместің салтанат құратын сәтінде мерекеге орай берілетін отшашумен аяқталады.

Аталған спектакльде Радамес партиясын орындау үшін Болгариялық тенор Камен Чанев арнайы шақыртылды, басты рольде – тыңдарманның сүйіктісі – «Астана Опера» театрының жетекші солисі Жұпар Ғабдуллина. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина Амнерис партиясын дайындаса, Амонасро – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев, Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян – аға абыз Рамфис. Спектакльге шамамен 300 адам: солистер, хор, балет, миманс әртістері қатысады. Бұл кеште дирижерлық тізгін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері маэстро Абзал Мұхитдиновта болады.

Атақты композитор Джузеппе Вердидің «Аида» операсы әлемдік танымалдылыққа ие. Әсем саздың сарынында алып та, көркем көріністер, салтанатты шеру, билер мен әнұран аясында шиеленіскен қайшылықтарға толы жеке бас драмасы өрбиді. Дж.Верди өз музыкасы арқылы Аида мен Радаместің жан сұлулығы һәм өнегелі қажырлығын асқақтады, олардың махаббаты барлық сынға төтеп беріп, өлім алдында да тізе бүкпейді. Аталған опера адам баласының асқақ сезімінің әнұранындай шырқалады.

по материалам: astanaopera.kz

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>