Анонс! Ертең Қазақстан жас өнерпаздарының бірінші Фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді

16.06.2015 09:47 1424

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17 маусым күні сағат 12.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорында ЮНЕСКО-ның 70 жылдығына орайластырылған «Балалар әлем ырғағында» атты қазақстандық жас өнерпаздарының бірінші Фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Баспасөз мәслихатына Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросының директоры Сергей Лазарев, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының президенті Болат Акчулаков, Үркер тобының басшысы, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің Қазақстандағы ерікті елшісі Айдос Сағат қатысады.

 Өткізілетін уақыты мен орны: сағ. 12.00, Алматы қаласы, Махатма Ганди көшесі, 10

Пресс-конференцияға қатысу үшін, аккредитациядан өту қажет және барлық қосымша сұрақтар бойынша:

Айгерим Сакенова, MediaNet Халықаралық журналистика орталығының жоба менеджері ai.sakenova@gmail.com, 8 727 292 20 46, 8 705 879 55 11

Арман Утеньязов,  ЮНЕСКО Клубтары Федерациясы жұмыстарының үйлестірушісі arman.kazfuca@gmail.com, 8727 394 32 328701 254 88 56

 по материалам: mks.gov.kz