Шығыс Қазақстан облысында басқа планеталық кеме үлгісіндегі мұражай ашылады

17.06.2015 10:15 1335

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірнеше жыл бұрын Өскемен қаласына жақын жерде орналасқан көне обсерваторияның аумағы Шығыс Қазақстан облыстық мұражай-қорығының қарауына берілді. Бүгінгі таңда мамандар археологиялық кешенді заманауи көрме залымен толықтыру жоспарын көздеп отыр.

Сәулетшілер мұражай басшылығы мен облыс әкімдігіне кешенді өзгертудің үш нұсқасын ұсынған. Таяуда тапсырыс берушілер болашақ залдың пішінін келісті. Ол басқа планеталық кеме сияқты болады. «Ландшафт» жобасын Алматыдағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының мамандары жасады.

Қорық-мұражай қызметкерлері сондай-ақ бұл ежелгі ғибадатхана туралы тұрақты көрме ұйымдастыруды көздеп жатыр. Қорық аумағының көлемдігі соншалық, бір күнде аумақтағы барлық ескерткіштерді қарап шығуға қиынға соқтырады. Сондықтан мұражай қызметкерлері келушілеррдің ыңғайы үшін виртуалды саяхат ұйымдастыруды да жоспарлайды.

Ежелгі ғибадатхананың кейпіне өзге өзгерістер енгізіледі деп күтілмейді.

по материалам: mks.gov.kz