Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық олимпиалық комитет және «Қазақстан» РТРК үшжақты меморандумға қол қойды

04.03.2016 10:40 588

 

4 наурыз, 2016. Астана. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиалық комитеті және «Қазақстан» РТРК үшжақты ынтымақтастықты кеңейтетін болады.

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиалық комитетінің бас хатшысы Данияр Абулгазин және «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова Қазақстан Республикасы халқының арасында спортты саласын дамыту мен ілгерілету жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойды.

Меморандум шеңберінде Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған жұмыстарды бірлесіп күшейту көзделген. Басым бағыттардың бірі елімізде спортты дамыту мен Олимпиадалық қозғалысты бұқаралық спорттық іс-шараларды телевизиялық насихаттау арқылы күшейту болып табылады.

Басым бағыт ретінде Қазақстан Республикасының Олимпиадалық спорт түрлерінен Ұлттық құрама командаларына баса назар аударылмақ.

Меморандумда спортшылардың телевизиялық жобаларға, сараптамалық бағдарламалар, жаңалық сюжеттеріне қатысуын қамтамасыз ету қарастырылды және "Кazsport" телеарнасында жаңадан арнайы бағдарламалар (отбасылық, сауықтыру) ашу көзделген.

по материалам: mks.gov.kz