Майра Мұхамедқызы сүйікті халқына ән шырқап береді

10.03.2016 10:12 541

 

10 наурыз, 2016. Астана. Майра Мұхамедқызы Пекин, Гонконг, Париж, Стамбул, Дели, Сеул және әлемнің басқа да көптеген қалаларының әйгілі сахналарында ән шырқағанда, адам айтқысыз табысқа кенелді. 22 наурызда опера әншісі қазақстандықтар алдында өнер көрсетеді. Әншінің айтуынша, оның жүрегі мен жан-дүниесі сүйікті халқына тиесілі. «Шырқар әнім – Астана көктемі» атты ғажап концерт «Астана Опера» театрының Үлкен залының сахнасында өтеді.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, П. Чайковский ат. ХIХалықаралық конкурстың лауреаты, Мемлекеттік сыйлық иегері Майра Мұхамедқызы өзінің дос-жарандары мен әріптестері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Татарстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Бекмұхамбетов (тенор),Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Дина Хамзина (меццо-сопрано), Медет Шотабаев (тенор), Сүндет Байғожин (баритон), сонымен қатар Рамзат Балакішиев(тенор), Талғат Ғалеевтермен бірге (баритон)ариялар, дуэттер және қазақтың халық әндерін орындайды. Концертке балет әртістері,«Астана Опера» хоры мен симфониялық оркестрі қатысады.

Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, бас хормейстер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Әлемнің жетекші масс-медиасы әншінің вокалдық деңгейіне ең жоғарғы баға берсе, журналисттерМайра Мұхамедқызының даусыбалауса, ашық, әсем, оның әртістік болмысы шығысқа тән тамаша тұнық екенін атап өтті.

- Мен сахнада 20 жыл ән шырқап келемін. Менімен бірге жұмыс істегендер, қиын кезде жәрдем көрсеткендерге алғыс айтқым келеді. Бүгінде армандаған рөлдерімнің барлығын орындап шықтым, дегенмен менде тағы үлкен арман бар, ол - Ковент-Гарден, Метрополитен-опера театрларында өнер көрсету.Бұл концерт – шығармашылықты қорытындылау емес, текжаңа белестің бастауы.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыйлағантамаша«Астана Опера» театрында менің екінші демім ашылғандай. 22 Наурызда мен өз халқыма жаңа ұжыммен дайындаған жаңа бағдарламаны ұсынамын. Қазақстандықтардың алдында өнер көрсету – асқан жауапкершілікті талап етеді, барлығы жоғарғы деңгейде болуы тиіс,сондықтан мен қатты уайымдап, толқып жүрмін.Концертке дайындық кезінде біз концертмейстерім Елена Сахномен көп және табанды жұмыс істедік, вокалдық шеберлікті ұштап, кейбір ерекшеліктерін жақсылап пысықтадық. Осы кештен тыңдарман нағыз ләззат алғанын қалаймын,- деп әңгімеледі Майра Мұхамедқызы.

Бірінші бөлімнің бағдарламасында көрнекті композиторларДж. Верди, Ж. Массне, И. Кальман, Ж. Оффенбахтың шығармалары орындалады. Екінші бөлімде қазақ халық және заманауи әндері, А. Жұбановпен Л. Хамиди, Е. Рахмадиев, С. Мұхамеджанов операларынан ариялар мен дуэттершырқалады.

по материалам: mks.gov.kz