Ә. Қастеев атындағы МӨМ-де қазақстандық кинематографист Игорь Вовнянканың көрмесі өтуде

10.03.2016 10:32 620

 

10 наурыз, 2016. Алматы. ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында қазақстандық кинематографист Игорь Вовнянконың «Менің Қазақстаным» фотокөрмесі өтуде.

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» фотосуреттер сериясының көрмесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Игорь Вовнянко шығаруға дайындаған «Қазақстанның этно-сәулеттік және ландшафттық мәдениетінің антологиясы» циклының құрамдық бөлігі.

Көптеген жылдар бойы кинематограф ретінде күн сайын еңбек етудің нәтижесінде білімі және мамандығы бойынша кинооператор И. Вовнянко Қазақстанның этно-сәулеттік және ландшафттық мәдениетінің ұлы тарихи мұрасымен толықтай және жан-жақты танысуына, жақындасуына мүмкіндік беретін әртүрлі кинематографиялық жобаларға қатысуына мүмкіндік алды.

Қазақстанның мәдени мұрасы – ұлан байтақ көрікті мекен – Қазақстан жерінде тұрып, қала құрайтын, рухани байлығы мәңгі жасайтын көпұлтты, көпконфессиялы қазақ халқының қаны мен тәні, деп пікірімен бөлісті көрме авторы.

«Қазақстанның этно-сәулеттік және ландшафттық мәдениетінің антологиясынан» ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» көрмесінің мақсаты мен міндеті – бүкіл Әлемнің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы деп аталатын елді этно-сәулеттік және ландшафттық мәдениеті тұрғысынан ұғынуына, көруіне, естуіне, жете түсінуіне және оның қандай ел екенін білуіне мүмкіндік беру.

по материалам: mks.gov.kz