Ұлы қазақ даласының аңыздары «Астана Опера» сахнасында

09.03.2016 10:35 507

 

9 наурыз, 2016. Астана. Көрнекті қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың аяқталмаған «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» шығармасының тұсаукесері 13 наурызда «Астана Опера» театрының Үлкен залында өтеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Классиктер мен замандастар» атты концертте отандық классиктер Е.Рахмадиевтің, Т.Қажығалиевтің симфониялық музыкалары және қазіргі заманғы қазақстандық авторлардың шығармалары орындалатын болады.

Ғ.Мүсіреповтің либреттосына жазылған М.Төлебаевтың аяқталмаған «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» операсы жас ғашықтардың трагедиялық махаббаты туралы көне аңыз оқиғалар желісінен алынған XIII-XIV ғасырлардағы лиро-эпостық поэмасының желісі негізіндежазылды. Музыкалық кештің бірінші бөліміндеконцерттік орындалудағыопера ұсынылатын болады. Ұлы композитордың өзі «оны алтын нотамен жазатыны» туралы айтқан-ды.

Өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, профессор, музыкатанушы, төлебаевтанушы Алтын Кетегенова көптеген жылдар бойы көрнекті қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың шығармашылығын зерттеді. Ол аяқталмаған «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» операсын тауып, бүгінгі таңда осы музыканың орындалуына бар күшін салды. Алтын Сәлімқызы ноталарды сақтап, түзетулерін жасап, композиторлардың шығарманың симфоникалық аспаптық орындалуына бастамашылық етті. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, композитор Серік Еркімбеков осы бір қиын дүниені қолға алды. Ол туындыны оркестрлік орындауда автордың анық, әдемі, үйлесімді стилін ұстанды.

- Біз Алтын Сәлімқызына қазақ өнерінің дамуына үлес қосқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. А.Кетегенованың бастамасы бойынша осы бір ғажайып туынды «Астана Опера» театры Үлкен Залының сахнасында орындалатын болады, - деп музыкатанушы Маржан Жәкенова айтып өтті.

Бұдан басқа, концерттің бірінші бөлімінде үлкен өнерді бағалаушыларға «Астана Опера» симфониялық оркестрінің асқан шеберлігімен орындалатын, жақында ғана Мариин театрында гастрольдік сапарда болып, петербургтік қауымның зор ықыласына ие болған «Дала аңызы» аяқталмаған балетінен сюита көрсетілетін болады. Мариин театрының көркемдік жетекшісі әрі бас директоры Валерий Гергиев осы шығарманың қазіргі қазақ музыкасының бетке ұстарлықтай лайықты туындыларының бірі болатынын атап өткен-ді.

-Дарынды, атақты композитор Тілес Қажығалиевтің музыкасы Еуропа елдерінде, Америкада орындалуда. Ол өзінің мәнерлі саздылығымен бай. Тілес Қажығалиевтің өмірі қысқа әрі трагедиялы болғанымен, ол балеттің музыкалық материалының біраз бөлігін жазып үлгерді: басты әрекет етуші тұлғалардың сипаттамасы, негізінен ансамбльдік және көпшілік көріністер болып келеді. Тілес Қажығалиевтің музыкасы өз өмірін жалғастыра береді, ол көпшіліктің сұранысына ие, қызық және сан қырлы, - деп атап өтті Маржан Жәкенова.

Кештің екінші бөлімінде қазіргі замандастарымыздың шығармалары шырқалатын болады: Балнұр Қыдырбек, Ақтоты Райымқұлова, Серік Еркімбеков, Серікжан Әбдінұров, Абзал Мұхитдинов, Рахат-Би Әбдісағин және т.б.

«Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» операсындағы партияларды дарынды вокалистер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанат Шыбықбаев және Жан Тапин, халықаралық байқаулардың лауреаты Мәдина Исламова, Болат Есімханов, Рамзат Балакишиев, «Астана Опера» симфониялық оркестрі және хоры орындайтын болады, дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

по материалам: mks.gov.kz