Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі қазақ ғылыми- зерттеу мәдениет институтына «Сала көшбасшысы 2016» дәрежесі берілді.

11.11.2016 18:12 332

 

Қазақстанның ұлттық бизнес-рейтинг одағымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтына бюджетке салық төлеу және өзге де міндетті төлемдер туралы мәліметтерге негізделген жыл сайынғы қаржылық-экономикалық саралау қорытындылары бойынша Астана қаласы кәсіпорындары арасындағы «Сала көшбасшысы 2016» және «Даму қарқыны» рейтингтік бағдарламасының беделді наградалары тапсырылды.

Бағдарлама құрылтайшыларының айтуынша, ұлттық бизнес-рейтинг көшбасшылары жаңа формацияның табысты заманауи кәсіпорындары, өз қызметімен еліміздің болашағын анықтайтын адамдар болып табылады. Олар бизнес жүргізуге жаңа стандарттар жасап, белсенді өмір ұстанымын көрсетеді, жаңа заманауи технологияларды енгізеді, әлемдік тәжірибені белсенді зерделейді және пайдаланады, сондай-ақ барлық жаңашылдықтарға және ынтымақтастыққа дайын.

Еске сала кетейік, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты 2015 жылы ҰБР одағының жоғары атағына лайық деп танылды.