Ағаш — адырна, қобыз, домбыра және өзге де көптеген музыкалық аспаптарды жасауда қолданылған негізгі материал. Шеберлер музыкалық аспаптарды дайындауға тек қолөнер бұйымы ретінде емес, өзіндік көркемдік сипатқа және терең мағыналық идеяға ие шағын мүсіндік туынды ретінде қараған. Әрбір дүниеге келген аспап өзінің қайталанбас пішінімен және өзіне ғана тән әрлеу тәсілдерімен ерекшеленген.