Өзбекстан мұражайлары, арт-орталықтары мен көркем галереяларының қорларын зерттеу

23.08.2016 18:03 1944

 

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының аға ғылыми қызметкері, өнертану ғылымдарының кандидаты Мадина Султанова «Көшпелі қазақтардың мәдениеті мен өнеріндегі дәстүрлі жан-жануарлардың бейнесі мен сарыны» (ежелгі дәуір, орта ғасыр, жаңа кезең) атты жоба шеңберінде Өзбекстан  мұражайлары, арт-орталықтары мен көркем галереяларының қорларын зерттеді.

Келесі мұражайлар, көркем галереялары және арт-орталықтары: Мемлекеттік қолданбалы өнер мұражайы, Мемлекеттік тарихи мұражайы,  бейнелеу өнері Галереясы, Темируд тарихы мұражайы, Мемлекеттік өнер мұражайы, Алишер Навои АН РУЗ атындағы мемлекеттік әдебиет мұражайы, «Ташкент Плаза» арт-орталығы, «Craft Art» көркем қолөнершілер орталығы және Ұлттық өнер орталығы жинақтамасын зерттелді.

Өзбекстанның мәдениеті мен өнернің көрсетілімі, сақталу және зерттеу саласындағы мамандарымен ғылыми кеңес өтті.

Берілген жобаның іске асыру әр түрлі мәдени жазықтықтың шегінде ментальділік және иконографикалық тұрақтылығы бар нақты мәдениет дәстүрлі анималистік образдар кешенді түрде зерттеуге, бұл  бейнелерді және қазіргі түркі мәдениетінде белгілі бір ықпалы мен мәртебесі бар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерінің жаңа туындыларын анықтауға,  сондай-ақ, қазақ және өзбек халықтарының көркем шығармашылғы мысалында ежелгі және қазіргі заманғы бейне тілі  мен сол тілдегі анималистік образдардың маңызының компаратив талдауын  өткізуге мүмкіндік береді.

Ғылыми зерттеудің нәтижесі Өзбекстан тарихи ескерткіштері мен  дәстүрлі және қазіргі бейнелеу өнеріндегі түрлі анималистік көріністерін кең фотоматериалы, мамандардың кеңестері мен пікірлері кейінгі компаратив талдау барысында өзінің ғылыми түсіндірілуіне және бірқатар ғылыми мақалаларға негіз бола алады.

2016 жылдың «Көшпелі қазақтардың мәдениеті мен өнеріндегі дәстүрлі жан-жануарлардың бейнесі мен сарыны» (ежелгі дәуір, орта ғасыр, жаңа кезең) жоба шеңберінде келесі қалаларға: Мәскеу, Санкт-Петербург, Орынбор, Алматы, Ташкент және Самарқандқа ғылыми іссапарлар жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта зерттеу жұмыстары жүргізілуде.