29 қазан, 2014. «Астана Опера» театрының Камералық залында Қазақстанның жетекші сопранолары мен меццо-сопранолары қатысатын «Parata dei Soprani» концерті өтеді.
Таңдаулы әйелдер дауысының асқан шеберлігін сопранолар Жаннат Бақтай, Маргарита Дворецкая, Ғалия Байғазинова,Жәмиля Жарқымбаева, Айзада Қапонова, Әсем Сембина, Елена Низамутдинова, Роза Нұркей және меццо-сопранолар Гүлжанат Сапақова, Салтанат Мұратбекова, Татьяна Вицинская паш етеді.
«Сопранолар шеруі» - «Дауыстардың сиқырлы әлемі» абонементінің алғашқы концерті болып табылады. Тыңдарман тамаша әйелдер дауысының концермейстерлер Елена Сахно, Долорес Үмбетәлиева, Гауһар Тасбергенова, Ирина Кургузкина, Жанар Ахметова, Раушан Бескемпірованың музыкалық сүйемелдеуіндегі сан алуан вокалдық бояулар нақышын: күміс дауысты колоратуралық сопранодан бастап, терең меццоға дейін тамашалай алады.
по материалам: www.mk.gov.kz