Бас директор

Хазбулатов Андрей Равильевич

Философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен 2014 жылдан бастап Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры болып тағайындалды.

Әр жылдары жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен академиялық мобильділік ғылыми-тәжірибелік орталығын басқарды, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры болды, Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан халқының рухани даму қорының» презитенті лауазымында қызмет атқарды.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, Қазақстан тарихында тұңғыш рет қабылданған Қазақстан Республикасының Мәдени саясатының тұжырымдамасын құрастырушы-авторлардың бірі. Әр түрлі жобалардың ғылыми және көркемдік жетекшісі.

2011 жылы Әдебиет және өнер қайраткерлеріне арналған Мемлекеттік шәкіртақының лауреаты атанды.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталды.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен – Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі болып тағайындалды.

2015 жылы ғылым мен техника саласындағы үздік жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты атанды.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағына ие болды.

2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім беру және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің бұйрығымен қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.

2017 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің бұйрығымен ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының мүшесі.

2012 жылы докторлық диссертациясын табысты қорғап шықты, оның ғылыми іздену тақырыбы бірегей скиф-сақ мұрасын сақтау туралы кең ауқымды зерттеулерді қамтыды.

Өзінің ғылыми ізденуін Еуропада, АҚШ, Ресейде ғылыми тағылымдамалар мен экпедицияларда жалғастырды, нәтижесі ғылыми басылымдарда, монографиялар мен ғылыми-көпшілік фильмдерде көрініс тапты.

50 аса ғылыми басылымдар мен 2 монографияның авторы.