Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Қол жаю

Бірқатар жағдайларда қолданылатын ерекше ишара — қол жаю. Ол бата алғанда, дұға оқығанда, сондай-ақ ас қайыру сияқты дастарқанға, асқа қатысты ғұрыптық сәттерде орындалады. Физикалық тұрғыдан бұл ишара қолды кеуде тұсында ұстап, алақандарды жоғары қарата ашу түрінде көрінеді. Оның аяқталуы алақандарды бетке жүргізумен тәмамдалады. Бір көзқарас бойынша, бұл ишара хадистерде кездесетін мұсылмандық ғұрыппен байланыстырылады. Сонымен қатар оны қастерленетін нысанға тағзым етуді білдіретін ең көне ишаралардың бірі деуге болады: мұндай қимылдар кейінгі мәдениеттерге құдаймен байланыс орнатудың архаикалық ғұрыптық тәжірибесінен ауысқан.

Дәстүрлі халықтық түсініктер бойынша (информаторлар мәліметі), қол жаю кезінде тостаған секілді ұсталатын алақанға Көктен құт-береке қонады, ал кейін алақанды бетке жүргізу сол игілікті өз бойына сіңіруді білдіреді. Бұл символикалық ишарада негізгі рөл алақанға беріледі, өйткені көптеген мәдениеттерде алақан рухани күш шоғырланатын орын ретінде қарастырылады. Осы ұғыммен кең таралған тұмарлар да сабақтас: Хамса, Фатиманың қолы, Мәриямның қолы және тағы басқалар. Қол белгісінің билік символы ретіндегі сипаты да өте көне. Қол бейнесіндегі тұмарлар сармат қорымдарынан жиі табылған. Дәстүрлі түсінік бойынша, «бір нәрсеге қол тигізу» — «оны иеленуге кіру» деген мағынаны білдірген. Қолдың маңызы келісім жасау кезінде де, бауырласу рәсімін орындағанда да айрықша болған. «Қол» таңбасы ең көне үндіеуропалық шарттық мәтіндерде де кездеседі [5].

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.