Біздің жобалар
Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының тарихы сонау 1934 жылдан бастау алады. Институт сол жылдары мемлекет тап болған өзекті мәдени-саяси мәселелердің бір қатарын шешуге тартылған Қазақстанның тұңғыш институттарының бірі еді. Өз тарихында институт әр түрлі кезеңді бастан кешірді, оның қабырғасында ұлы ғалымдар (Сәрсен Аманжолов, Ахмет Байтұрсынұлы, Санжар Аспандияров) еңбек еткен шақтағы өркендеу, қайта құру мен ғылыми-зерттеушілік ізденістің ауыр кезеңдері, Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты жаңа серпін кезеңдері болды.
Институт туралы

Қазақстанда 30-жылдары ғылыми-зерттеу институттарын ұйымдастыру басталды, ол Алматыдағы ғылым мен жоғары білімнің даму жылдары еді. Осы үрдістің жедел және қарқынды дамуы үшін 1930 жылдың сәуірінде республика үкіметі бірінші қазақстандық өлкетану ғылыми-зерттеу съезін өткізді. Оның жұмысына республикадағы ғылыми-зерттеу мекемелерін ұйымдастыруға қолғабыс ету үшін Мәскеу, Ленинград, Киев пен Қазанның айтулы ғалымдары қатысты.
Біздің жобалар