Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманғы өнері
Қазақстанның көркем мұрасына виртуалды саяхат
Бұл веб-галерея Қазақстанның бай көркемдік мұрасын және қазіргі өнердегі шығармашылық бағыттардың алуан түрлілігін таныстырады. Галереяда ұлттық дәстүрлерді жалғастыратын, сондай-ақ қазіргі заманғы өнер үдерістерін көрсететін туындылар ұсынылған.
Виртуалды көрмеге ұлттық бейнелерге, рәміздерге және мәдени сюжеттерге негізделген шығармалар енгізілген. Сонымен қатар мұнда Қазақстанның мәдени мұрасын заманауи көркемдік тәсілдер, жаңа бейнелеу құралдары мен технологиялар арқылы жаңаша түсіндіретін қазіргі суретшілердің еңбектері де қамтылған.
Ұсынылған шығармалар дәстүрлі өнер мен қазіргі өнердің өзара байланысын көрсетеді. Олар ұлттық дүниетанымды, мәдени бірегейлікті және халқымыздың рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл материалдар арқылы тарихи-мәдени мұраның қазіргі көркемдік тәжірибеде қалай жалғасып, жаңа мазмұнмен дамып жатқанын көруге болады.
Веб-галерея Қазақстанның көркем мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған. Оның басты мақсаты — өнер туындыларын көпшілікке қолжетімді ету, сондай-ақ кең аудиторияның отандық мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Қазақстанның дәстүрлі өнері
Қазақ киіз басу
- Қара текемет, 2017. Ж.Т. Бөлегенова
- Ебелек оюлы текеметы, 2017. Ж.Т. Бөлегенова
- Текемет, 1970. М. Сейтбаева
- Текемет, 1960. Н. Молдабаева
- Сәнді киіз жиынтығы, 2017. У. Үркінбай
- Сырмақ, 2010. Н.С. Аспомбитова
- Сырмақ, 1960. К. Әбдікаримова
- Түскиіз, 2017. К. Жаңғұтты
- Түскиіз, ХХ ғ. басы
- Тең, 1950. Ж. Ерғалиева
- Сандық қап, 1950
- Ат жабу, 1950
- Кілемше, 1970. К. Әбдікаримова
- Аяқ қап, 1960. К. Сарсенбаева
- Жайнамаз, 1970. С. Бұранқұлова
Қазақтың киіз басу өнері – көшпелі халықтың материалдық мәдениетінің бірегей көрінісі болып табылады. Ол тұрмыстық қажеттілік, көркемдік әсемдік және терең символдық мәнді өзара үйлестіре отырып қалыптасқан. Бұл көне сәндік-қолданбалы өнер түрі көшпелі өмір салты жағдайында дамып, қой жүні күнделікті тұрмыста да, салт-дәстүрге қатысты бұйымдар жасауда да негізгі шикізат көзіне айналды. Киізден жасалған бұйымдар – киіз үй жабдықтары, текемет, сырмақ, төсеніштер және өзге де заттар – бір мезгілде әрі практикалық, әрі эстетикалық қызмет атқарып, тұрғын үйдің ішкі кеңістігінде жылылық, жайлылық және көркем үйлесімділікті қамтамасыз етті.
Киіз басу үдерісі бірнеше кезеңнен тұратын күрделі технология болып табылады: жүнді дайындау және тазалау, талшықтарды мұқият жайып төсеу, сулау және арнайы әдіс-тәсілдер арқылы таптап, нығыздау. Бұл әрекеттер киіздің тығыз әрі төзімді болып шығуына мүмкіндік береді. Киіз бетінің көркемдік безендірілуінде дәстүрлі қазақ ою-өрнектері кеңінен қолданылады: «қошқар мүйіз», «түйе табан», «сыңар мүйіз» және басқа да көптеген өрнектер. Олардың әрқайсысы мифологиялық, ғарыштық және әлеуметтік түсініктерді бейнелейтін терең символдық мағынаға ие.
Киіз бұйымдары салт-дәстүрлік және әлеуметтік тұрғыдан да маңызды рөл атқарған: олар жасөспірімді өмірге бейімдеу рәсімдерінде, үйлену тойларында, мұрагерлікке зат тапсыру кезінде қолданылып, шебердің өнерін және эстетикалық талғамын көрсететін көрсеткіш болған. Қазіргі таңда қазақтың киіз басу дәстүрі қайта жаңғырып, көркем қолөнер мен заманауи дизайн аясында жаңаша сипат алып, ұлттық болмыс пен мәдени мұраның айқын көрінісіне айналуда.