Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары
Киіт
Киіт — үйлену салтындағы ғұрыптық сый алмасу. З.К. Сурағанованың пікірінше, бұл дәстүр көне түркі дәуірінен бастау алады және халық санасында қарсы жаққа сый тарту әдетінің тұрақтылығын көрсетеді. Сый алмасу екі рудың арасындағы жатсынуды жеңудің құралы қызметін атқарған [14, 19-б.]. Тіл мамандары киіт сөзін кию, яғни киім, бас киім, аяқкиім кию ұғымымен байланыстырады. Осыған сәйкес, киіт көбіне киім-кешек пен бас киімдерден тұрған, ал ертеректе ол үстіне міндетті түрде түкті кілем — қалы кілем жабылған салт ат немесе түйе де болуы мүмкін. Мұндай киіт тек күйеу жігіттің әкесіне арналған және ол бас киіт деп аталған. Кейде ауқатты адамдарда бас киіт ретінде күміс құймасы — тай-тұяқ та берілген. Қалған сыйлықтардың құндылығы туыстық жақындық дәрежесіне байланысты болып, көбіне шапандар түрінде ұсынылған.
Бір қызығы, бұл дәстүрлі сый алмасу құрамына аруаққа киіт деп аталатын киіт түрі де енген. Өтпелі ғұрыптардағы ата-баба рухтарына арналған мұндай сыйлар сыртқы әлем мен тылсым күштердің арасындағы байланысты сақтаудың бір қырын білдіреді. Киіт коммуникативтік, яғни екі ұжымның, екі отбасының арасындағы қатынасты реттеуші, сондай-ақ символдық қызмет атқарады: бір жағынан, күйеу мен қалыңдық туыстары арасындағы қарым-қатынастың табысты әрі берекелі болуының кепілі болса, екінші жағынан, тірілер мен ата-баба рухтары арасындағы байланыстың белгісі болып саналады.
ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.