Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Сәлем ету

С.С. Тәтібаев [8] қазақтардағы амандасу ишаралары әйелдер мен ерлерде әртүрлі болатынын, яғни олардың әлеуметтік мәнге ие екенін атап көрсетеді.

Қыз балалардың үлкендермен амандасу рәсімі басты сәл еңкейтіп, оң қолды алақанын төмен қарата күн өрім тұсына қою арқылы орындалады. Сол қол төмен түсіріледі немесе сәл артқа қарай ығыстырылады, ал көз, әдетте, төмен қаратылады. Мұнда оң қолдың қолданылуы назар аударады — ол әйел затының және негізгі «әрекет етуші» қолдың нышаны ретінде танылады. Сондай-ақ оны күн өрім тұсына қою да ерекше мәнге ие, өйткені шығыс мәдениеттерінде бұл дененің киелі бөлігі саналып, от пен күнмен байланыстырылады (мысалы, чакралар). Қазақтарда қыз баланың күн өрім тұсы зергерлік әшекейлермен безендіріліп, киімі де көбіне күн бейнелі ою-өрнектермен көмкерілген. Көзді төмен салу — ұялшақтықтың, ибалық пен тәрбиеліліктің белгісі.

Әйелдердің амандасу ишарасы, әсіресе қайын атаға, қайын енесіне және күйеуінің аға-інілеріне қатысты жасалатын «сәлем ету» дәстүрі терең символикаға толы. Бұл ишараны С.С. Тәтібаев былай сипаттайды: әйел сол тізесін жерге тигізіп, алақандарын төмен қаратып, бір қолын екіншісінің үстіне қойып, оларды оң тізесіне қояды [9, 68-б.]. Қазақ мәдениетінде үлкендерді құрметтеу, әсіресе келіннің отбасының үлкен мүшелеріне ізет көрсетуі айрықша орын алады және бұл дәстүрлі әдеп нормаларымен бекітілген. Алғашқы «сәлем ету» немесе «сәлем салу» үйлену тойындағы «беташар» рәсімі кезінде жасалады. Жаңа түскен келіннің әрбір иіліп сәлем салуы күйеу жігіттің туыстары тарапынан бағалы сыйлықпен қатар жүрген. Келіннің күйеу жақ туыстарына сәлем беруімен байланысты кейінгі әдептік ишаралардың, сондай-ақ келіннің ат тергеу, қайын жұрттан имену дәстүрлерінің түп-тамыры көне инцестке тыйым салу тәрізді архаикалық табулардан бастау алады.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.