Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Жеті шелпек

1 сурет.

Жеті шелпек — қазақтардың ғұрыптық тағамы: майға қуырылатын домалақ жұқа нан. Шелпек саны көбіне қазақ түсінігіндегі киелі сандар — 7 немесе 9 болады. Оны діни мерекелерде, жерлеу және еске алу рәсімдерінде, жұма күні — ата-баба аруақтарын еске алу күні, сондай-ақ адам өміріндегі қиын-қыстау кезеңдерде дайындайды. Халық арасында бүгінге дейін: «Жеті шелпек жеті пәледен құтқарады» деген сөз айтылады.

Шелпектің домалақ пішіні күн культімен байланысты, ал мәдениеттанушы З. Наурызбаеваның пікірінше, «бірінің үстіне бірі қойылған жеті домалақ шелпек аспанның жеті қабатын немесе жеті аспанды білдіреді» [6]. Оны «Тие берсін» деген сөз айтылғаннан кейін жейді. Тірілер шелпектен дәм татса, марқұмдардың жаны оның иісімен, қызған майдың иісімен қуаттанады деген түсінік бар. Сондықтан бұл ғұрыпты «иіс шығару» деп те атайды [6].

Бұл рәсімнен шаманизмнің белгілерін де байқауға болады: от рухын маймен разы ету, ал тағамның өзінен айқын аспандық символиканы және Жоғарғы күштермен байланыстың «тағамдық түрін» көруге болады.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.