Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

«Ирек»

«Ирек» сөзі қазақ тілінен аударғанда қисық, ирек, иірімді деген мағыналарды білдіреді. Бұл — әлемдік мәдениетте кең таралған, көптеген ою-өрнек жүйелерінің негізгі элементтерінің бірі. Зигзаг бейнесі су, толқын, мәңгілік қозғалыс, найзағай немесе жаңбырды білдіреді. Мысалы, латыш мифологиясында зигзаг жердегі және аспандағы сулардың, соған сәйкес әйел тәңірі Мараның нышаны ретінде түсіндіріледі. Бұл өрнектің археологиялық тұрғыдан ең ерте үлгілері неолит дәуіріне жатады.

Қазақ мәдениетінде «ирек» өрнегі көбіне композицияның жиегін көмкеруде қолданылады және, ықтимал, өмір үдерістерінің кезеңдік қайталануын, мәңгілік оралу идеясын, өзгерістің тұрақтылығын және ырғақтылықты бейнелейді.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.