Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

 «Гүл»/«Қызғалдақ»/«Райхангүл»

Гүлдер ежелден сакралды мағынаға ие болған. Олар қазақтың қолданбалы өнерінде өрнек түрі ретінде кең таралған: гүл өрнектерімен киімдер мен бас киімдер, сондай-ақ кестелі кілемдер — тұскиіздер безендірілген. Гүл бейнесі құнарлылық, мәңгілік жаңару, тіршіліктің қайта түлеуі және молшылық идеяларымен байланыстырылады.

Қазақтың «гүлді» өрнектерінің ішінде «қызғалдақ» ерекше орын алады. Қызғалдақ — байырғы дала гүлі әрі көктемде алғаш шығатын гүлдердің бірі. Ол жаңаруды, көктемнің келуін және жастық шақты білдіреді.

Қызғалдақ түркі халықтарының сәндік өнерінде, түрік керамикалық тақташаларында, Таяу және Орта Шығыс, Иран өнерінде жиі кездеседі. Қызғалдақ Осман империясының билеуші әулетінің өзіндік рәміздерінің бірі болған, ал белгілі түркі сопысы әрі ақыны Қожа Ахмет Ясауи қызғалдақты «әділетті гүл» деп атаған.

Қазақтың түкті кілемдерінде кең таралған тағы бір гүл өрнегі — «райхангүл» (раушан). Роза Қазақстанның кең даласына тән өсімдік болмаса да, ол қазақ мәдениетінде өзіндік символдық мәнге ие болған. Онымен адам жаны, киелілік және мейірім ұғымдары байланыстырылған. Сірә, «райхангүл» өрнегі қазақ мәдениетіне сопылық ілімнің таралуына байланысты енген.

Роза әлемдік мәдениетте де әртүрлі халықтарда үздіксіз көрініс тауып, әр дәстүрдің контексіне қарай сан алуан мағынаға ие бола отырып, гүлдердің падишасы ретіндегі орнын сақтап келеді.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.