Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Белдік

Қазақтың дәстүрлі киіміндегі символдық аксессуарлардың қатарында белдік ерекше орын алады. Оны ерлер де, әйелдер де таққан. Белдіктер былғарыдан, барқыттан, жібектен және жүннен жасалған. Халықтық түсінік бойынша, белдік шеңбер пішінін алып, адамның ішкі қорғаныш кеңістігін қалыптастырады және сыртқы дүниенің жағымсыз әсерінен сақтайды. Сондықтан былғары белдіктер өрнекті бедермен, жартылай асыл тастар қондырылған металл әшекейлермен, сүйектен ойылған тақташалармен безендірілген. Мұндай белдіктерді кісе деп атаған және ол ер азаматтың билігінің, абыройының өзіндік нышаны саналған.

Қорғаныштық қызметті әйелдердің белдіктері де атқарған, олар да бай безендірілген. Белдік әдет-ғұрыптар мен рәсімдердің белсенді қатысушысы болған. Оны ұл балаға алғаш рет 13–15 жасында буған, содан бастап ол жігіт саналған. Сонымен қатар белдік жерлеу ғұрпында да маңызды орын алған. Этнографиялық бергі кезеңге дейін ер адам қайтыс болғанда, оның белдігі сырыққа ілініп қойылған, бұл аза белгісінің бірі болған. Кейін мұндай белдіктер, әдетте, үйде сақталып, оларға магиялық-қорғаныштық қасиет таңылған. Белдік тұмар, ер адамның күш-қуатының белгісі, мәртебе мен ауқаттылықтың нышаны ретінде қабылданған.

Мамандар дәстүрлі қолөнершілер арасында болған көне белбеу тағу рәсімін де атайды. Бұл рәсім жаңа шебердің өз бетінше жұмыс істеуінің басталуын білдірген. Жалпы, әлемнің көптеген мәдениеттерінде белдік тұмар қызметін атқарады.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.