Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Жыртыс

Жыртыс – көлемі шамамен 30х30 см-ден 50х50 см-ге дейін болатын мата қиындысы. Бұл сөздің өзі қазақтың «жырту» етістігінен шыққан. Жыртыс маңызды оқиғаларда – үйлену тойында, нәрестенің дүниеге келуінде, сондай-ақ жасы үлкен, қадірлі қария қайтыс болған жағдайда – сол жерде отырған әйелдердің бәріне таратылған. И.В. Октябрьская мен З.К. Сурағанованың айтуынша, қазақтардағы жыртыс бөліс нәтижесінде алынған үлес ретінде танылған. Тұтас матадан жыртылып алынған қиынды сый ретінде қабылданып, сакралды сипатқа ие болған. Мұндай мата қиындысында қызын ұзатып отырған, мұрагердің дүниеге келуін тойлап отырған үй иелерінің бақытының бір бөлігі бар деп түсінілген. Қазақтардың түсінігінде жыртыс иелерінің ырысын, байлығын және өсіп-өну қасиетін бойына жинақтаған [12, 436-б.]. Осындай көзқарас Орталық Азияның өзге халықтарына да тән болған. Этнографиялық әдебиеттерде бұл дәстүр жөнінде бірнеше рет айтылған. Мысалы, ұзақ та бақытты өмір сүрген адамды жерлеу кезінде оның жеке заттарының өзі жыртылып, бөліктерге бөлініп, жиналған адамдарға таратылған.

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.