Тарихы
Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты 1934 жылы Қазақстандағы алғашқы ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі ретінде құрылып, отандық ғылымның алдыңғы шебіне айналды. Оның бастауында көрнекті ғалымдар мен ағартушылар: Сәрсен Аманжолов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынұлы, Қоңырқожа Қожықов, Санжар Асфендияров, Құдайберген Жұбанов және т.б. тұрды.
Ал бүгінде ҚазҒЗМИ мәдениет саласының қызметкерлері, олардың қатарында ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Қазақстанның және шетелдердің танымал ғалымдары өздерінің ұлы ізашарларының ісін жалғастырып, белсенді ғылыми қызмет жүргізуде, өздерінің зияткерлік әлеуеті мен жүрек жылуын Қазақстанның бірегей мәдени мұрасын зерттеуге, түсінуге, дамытуға және ілгерілетуге бағыттауда. Сонымен қатар институтта жаңа әдіснамалық стратегияларды қолдана отырып, мәдениет, тарих, өнер және археологияның кең ауқымды бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізетін жас ғалымдар мен креативті менеджерлер еңбек етеді.
Миссиясы
Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының миссиясы – Қазақстан Республикасының мәдениет саясаты тұжырымдамасына, әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялануға және тиімді халықаралық ынтымақтастыққа сәйкес мәдениет саласына терең әрі жүйелі талдау жүргізу.