Асхан Сейлбек
#Гончар
#Керамика
«Алтын оймақ» бизнес-жобасының авторы, ұлттық қолөнер бұйымдарының шебері. Қазақстан Қолөнершілер одағының және Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі. «Ұлы Жібек жолының тоқыма және зергерлік өнері» халықаралық шеберлер жәрмеңкесінің жеңімпазы. Облыстық «Шығыс кәде сыйы» фестиваль-байқауында «Жоғары шеберлік» номинациясы бойынша II орын иегері, сондай-ақ халықтық сәндік-қолданбалы өнердің алғашқы облыстық «Асыл мұра» фестиваль-байқауында «Дәстүрге адалдық» номинациясының жеңімпазы. Дәстүрлі кесте өнеріне маманданған.