Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары

Тоғыз

«Тоғыз» саны әлемдік мәдениетте әртүрлі қырынан көрініс табады: Ежелгі Грекияда бұл — өнер мен ғылымның қамқоршысы саналатын тоғыз муза, ежелгі германдықтарда — тоғыз жануарды құрбан ету ғұрпы, майя үндістерінде — тоғыз жерасты әлемі туралы түсінік және тағы басқалар. Көптеген мәдениеттерде бұл сан білімнің, даналықтың, тағдырдың және тәрбиенің символы деп есептелген.

Қазақтарда «тоғыз» саны ғұрыптық мәнге ие болып, қалыңдық жасауының тоғыз түрлі бұйымынан көрініс тапқан, мысалы тоғыз көрпе, тоғыз түрлі ыдыс және тағы басқалар. Қазақтар мен моңғолдарда тоғыз саны қасиетті деп танылған, ал ханға тарту да тоғыз заттан, соның ішінде тоғыз аттан тұрған. Сонымен қатар бұл айып мөлшерінің де саны болған. Бәйге жүлдесі де тоғызбен есептелген. Жүйрік ат иесіне берілетін сыйлық түйе, бүркіт, ат, сиыр, құлын, қой, ешкі, кілем, тон сияқты немесе өзге де тоғыз түрлі құндылықтан әртүрлі құрамда жасалған [2, 75-б.].

Өзбек тойында да тоғыз түрлі тағам әзірленген. Бұрын кейбір түркі халықтарында баланы көз тиюден, тіл-көзден сақтау мақсатында оны «сатып алу» ғұрпы болған, сол кезде төлем ретінде тоғыз зат берілген. Мұндай балаға Тоғызақ немесе Сатыбалды деген ат қойылған.

Сонымен бірге түркі хандарының есімдері тоғыз эпитетпен бірге аталған.

Түркілерде «тоғыз» саны сөзбен аталатын есептің өзіндік шегі ретінде де қабылданған. Бұған көне қазақ ойыны — тоғызқұмалақ дәлел бола алады. Бұл ойында қосу, азайту, көбейту және бөлу сияқты математикалық амалдар қолданылады және олардың барлығы «тастардың үйлесімді қалпын» жасауға бағытталады. Ал мұндай үйлесім ойын шеберлігін айқындайтын басты қағида болып саналады [8].

Encyclopedia More Item

ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.

Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.

Алматы: КазНИИК, 2023.