Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманғы өнері

Қазақстанның көркем мұрасына виртуалды саяхат

Бұл веб-галерея Қазақстанның бай көркемдік мұрасын және қазіргі өнердегі шығармашылық бағыттардың алуан түрлілігін таныстырады. Галереяда ұлттық дәстүрлерді жалғастыратын, сондай-ақ қазіргі заманғы өнер үдерістерін көрсететін туындылар ұсынылған.

Виртуалды көрмеге ұлттық бейнелерге, рәміздерге және мәдени сюжеттерге негізделген шығармалар енгізілген. Сонымен қатар мұнда Қазақстанның мәдени мұрасын заманауи көркемдік тәсілдер, жаңа бейнелеу құралдары мен технологиялар арқылы жаңаша түсіндіретін қазіргі суретшілердің еңбектері де қамтылған.

Ұсынылған шығармалар дәстүрлі өнер мен қазіргі өнердің өзара байланысын көрсетеді. Олар ұлттық дүниетанымды, мәдени бірегейлікті және халқымыздың рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл материалдар арқылы тарихи-мәдени мұраның қазіргі көркемдік тәжірибеде қалай жалғасып, жаңа мазмұнмен дамып жатқанын көруге болады.

Веб-галерея Қазақстанның көркем мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған. Оның басты мақсаты — өнер туындыларын көпшілікке қолжетімді ету, сондай-ақ кең аудиторияның отандық мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Ебелек оюлы текеметы, 2017. Ж.Т. Бөлегенова

Текемет, 2017 ж. Киіз, киіз басу. • Фото С. Сураганова

Текемет – қазақ халқының тұрмысында кең қолданылатын, киізден басылып жасалатын дәстүрлі төсеніш кілем. Кілемнің композициялық өзегін ежелгі күнге табыну нанымынан сыр шертетін, «ебелек» өрнегімен көмкерілген құйын тәрізді розеткалар құрайды. Розетканың күндік (солярлық) бейнесі – ортасынан тарайтын иір-иір жұмсақ тармақтары бар, солға бағытталған свастика (тетраскелион). Бұл өрнек мәңгілік қозғалыс пен от күшінің ежелгі нышанын танытып, қазақтың оңтүстік-батыс және батыс өңірлеріне тән ою-өрнек дәстүрінен көрініс табады. Кілемдегі өрнектер, ромб пішінді бейнелер мен орталық алаң жіңішке ақ жиекпен шектеліп, сары мен қызыл түстердің айқын қарсыласуымен ерекшеленеді.Кілемнің бояу реңі де оның көркемдік шешіміне үндес: ақ, қызыл және сары түстер күнге қатысты идеяны тереңдете түседі.Шеткі өрнек – бордюр – композицияны толықтырып, ирек толқын бейнесіндегі ирек өрнегі арқылы тұтастық табады. Бұл өрнек оң және теріс бейнелеуде орындалып, «қос желі» деп аталады.