Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманғы өнері

Қазақстанның көркем мұрасына виртуалды саяхат

Бұл веб-галерея Қазақстанның бай көркемдік мұрасын және қазіргі өнердегі шығармашылық бағыттардың алуан түрлілігін таныстырады. Галереяда ұлттық дәстүрлерді жалғастыратын, сондай-ақ қазіргі заманғы өнер үдерістерін көрсететін туындылар ұсынылған.

Виртуалды көрмеге ұлттық бейнелерге, рәміздерге және мәдени сюжеттерге негізделген шығармалар енгізілген. Сонымен қатар мұнда Қазақстанның мәдени мұрасын заманауи көркемдік тәсілдер, жаңа бейнелеу құралдары мен технологиялар арқылы жаңаша түсіндіретін қазіргі суретшілердің еңбектері де қамтылған.

Ұсынылған шығармалар дәстүрлі өнер мен қазіргі өнердің өзара байланысын көрсетеді. Олар ұлттық дүниетанымды, мәдени бірегейлікті және халқымыздың рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл материалдар арқылы тарихи-мәдени мұраның қазіргі көркемдік тәжірибеде қалай жалғасып, жаңа мазмұнмен дамып жатқанын көруге болады.

Веб-галерея Қазақстанның көркем мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған. Оның басты мақсаты — өнер туындыларын көпшілікке қолжетімді ету, сондай-ақ кең аудиторияның отандық мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Алматы. Қала әуендері, 2020.

Абишева Надежда

Шығарма өзара байланысқан екі элементтен тұрады: шартты түрде берілген адам басының бейнесі және одан бөлек орналасқан «OK» ишарасын жасаған қол. Пішіннің осылайша бөлінуі қабылдаудың фрагменттілік әсерін тудырады, яғни қала бейнесі жеке-жеке дыбыстық импульстерден құралғандай әсер қалдырады. Бейнелік құрылымда бет-әлпет жалпыланған түрде берілген, көздері жұмулы, аузы сәл ашық, бұл тыңдау, ішкі қабылдау немесе дыбыстық тербелісті сезіну күйімен байланыстырылуы мүмкін. Бұл – қалалық ортаға деген эмоционалдық әсерді бейнелейтін медиативтік образ.Бөлек орналасқан қол дербес мағыналық элементке айналады. Оны «баптау», «сигналды қабылдау» немесе «дыбысты ұстау» белгісі ретінде түсіндіруге болады. Мұндай шешім шығарманың тұжырымдамасын қаланың аудиовизуалды аудармасы ретінде тереңдете түседі. Түстік акценттер мен фактуралардың қарама-қарсылығы қалалық ортаны қабылдаудың көпқабаттылығын айқындайды.