Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманғы өнері

Қазақстанның көркем мұрасына виртуалды саяхат

Бұл веб-галерея Қазақстанның бай көркемдік мұрасын және қазіргі өнердегі шығармашылық бағыттардың алуан түрлілігін таныстырады. Галереяда ұлттық дәстүрлерді жалғастыратын, сондай-ақ қазіргі заманғы өнер үдерістерін көрсететін туындылар ұсынылған.

Виртуалды көрмеге ұлттық бейнелерге, рәміздерге және мәдени сюжеттерге негізделген шығармалар енгізілген. Сонымен қатар мұнда Қазақстанның мәдени мұрасын заманауи көркемдік тәсілдер, жаңа бейнелеу құралдары мен технологиялар арқылы жаңаша түсіндіретін қазіргі суретшілердің еңбектері де қамтылған.

Ұсынылған шығармалар дәстүрлі өнер мен қазіргі өнердің өзара байланысын көрсетеді. Олар ұлттық дүниетанымды, мәдени бірегейлікті және халқымыздың рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл материалдар арқылы тарихи-мәдени мұраның қазіргі көркемдік тәжірибеде қалай жалғасып, жаңа мазмұнмен дамып жатқанын көруге болады.

Веб-галерея Қазақстанның көркем мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған. Оның басты мақсаты — өнер туындыларын көпшілікке қолжетімді ету, сондай-ақ кең аудиторияның отандық мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Түскиіз, 2017. К. Жаңғұтты

– «Әлем осі». 2010 ж. Киіз, киіз басу. • Фото С. Сураганова

Таписсерия боялмаған жүннен ылғалды жүнмен илеу (мокрое валяние) және арт-протис (иглопробивной техника) әдісімен жасалған.Қою және ашық түсті табиғи киіздің үйлесімі өзіндік декоративті акцент ретінде көрінеді. Фонның тығыздығы, жеңілдік пен ауа қабаттылығы, пористілігі және одан «өсіп шыққан» өрнектің аздаған көлемділігі композицияда қарама-қарсы бинарлық құрылымды ұйымдастырады.Таписсерия кеңістігі композициялық тұрғыда ырғақты қатарлар арқылы көрсетілген, олар өрнектелген мотив – бұлбұл бейнесі емес, ежелгі күн культіне сілтеме жасайтын кері қарай ұмтылған бұғы бейнесі арқылы түзіледі. Қайталаған мотив раппорттың ырғақтығы мен үздіксіздігі арқылы символикалық шеруді алға қарай жүргізгендей иллюзия туғызады.Жиектің жоқтығы, композицияның ашықтығы және сәнді назар аудартпайтын шеті мотивтің көлденең бойдағы дамуын бейнелеуге мүмкіндік береді, оны далалық өмірдің метафорасы ретінде қарастыруға болады, мұнда ырғақ, циклдылық және қозғалыс негізгі категориялар ретінде көрініс табады.