Түскиіз, ХХ ғ. басы
– «Перекати поле». 2008 ж. • Киіз, киіз басу. • Фото С. Сураганова
Таписсерия ылғалды жүнмен илеу (мокрое валяние) және арт-протис (иглопробивной техника) әдісінің үйлесімімен орындалған.Бұйымдың пішіні дөңгелек және жануар терісінің табиғи шетіне ұқсас, сәндік тұрғыда стилизацияланған.Ашық композицияның визуалды орталығы орталықтан шетке қарай динамикалық кернеу мен пульсация туғыза отырып, дөңгелек концентрлік формаларды бейнелейді. Бір қатарда жарық дақтармен керуен жылжып, аттар шауып барады. Келесі қатарда – шаңырақ және оның үстінде ұшып жүрген құстардың тобы бейнеленген.Боялмаған жүннің табиғи түстері қосымша декоративті акцент ретінде қызмет етіп, далалық фаунадағы белгілі бейнелерді айқындап көрсетеді.Таписсерияның семантикасы дала әлемінің құрылымын бейнелейді, оның сакралды орталығы – шаңырақ, адам мен ғаламның байланысын символдайды. Шаңырақтан ырғақты тарайтын дөңгелектер табиғат пен ғаламның ырғақтары мен уақыттың циклдылығын көрсетеді.