Тең, 1950. Ж. Ерғалиева
– «Жапырақ түсу». 2001 ж. • Киіз, киіз басу. • Фото С. Сураганова
Таписсерия ылғалды жүнмен илеу (мокрое валяние) және арт-протис техникасы арқылы орындалған.Ағаш бейнесі композицияның негізгі доминантасы болып, бұйымға тұрақтылық пен ішкі тәртіп береді, ал оның төккен бұтағы еркіндік пен күтпеген болжамдылықты символдайды.Боялмаған жүннің табиғи реңктері, ашық фонда қара дақтар арқылы көрініс тауып, композициялық вертикальдың бинарлы экспрессиясын күшейтіп, оның айналасындағы кеңістіктің аморфдылығын көрсетеді. Таписсерияның шеттеріндегі қою түстер жиектің болмауын өтейді және орталықпен үндесіп, бір жағынан кеңістіктің тереңіне ену әсерін, екінші жағынан – ашықтық пен шексіздік иллюзиясын береді.Бұйымның семантикасы әлемнің әртүрлі деңгейлерінің өзара үйлесімін, табиғаттағы қайта туу циклі мен шексіздікті, дәстүр мен естеліктің сабақтастығын бейнелейді.