Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары
Иткөйлек
Қазақ отбасында нәрестенің дүниеге келуі бүгінгі күнге дейін өзара сабақтасқан көптеген әдет-ғұрыптар мен рәсімдер кешенімен қатар жүреді. Осы тұрғыдан алғанда, баланың алғашқы әрі маңызды дәстүрлі ғұрыптық киімінің бірі — «иткөйлек». Ол — жаңа туған нәрестеге арнап тұтас мақта-мата кесіндісінен, мысалы сиса не бөзден тігілетін, иық тігісі мен жиектемесі жоқ, сәл ұзындау етіп жасалатын көйлекше. Мұндай көйлекке міндетті түрде жаңа мата алынбаған, кей жағдайда ұзақ та бақытты ғұмыр кешкен қарияның киімінен де тігілген. Нәресте оны туған күнінен бастап қырық күнге дейін, яғни қырқынан шыққанша киген. Баланы иткөйлекке орау немесе кигізу көне әрі кейін ұмытылған ит культімен байланыстырылады, өйткені нәресте қырық күнге дейін «арғы дүниеге тиесілі» деп есептелген. Қазақтың дәстүрлі түсінігінде ит — сакралды жануар, «жеті қазынаның» бірі.
Нәрестенің қырқынан шығару күні бұл көйлек шешіліп, оның ішіне тәттілер салынып, түйінделіп, иттің мойнына байланған. Ит жүгіріп кеткенде, мерекеге қатысқан балалар оны қуып жетіп, ішіндегі тәттілерден дәм татқан. Кейін көйлек иелеріне қайтарылып, үйде сақталған.
Бұл ғұрыптан бірнеше мағына аңғарылады: итті арғы тек, о дүниенің күзетшісі, тірілер дүниесіне әлі толық енбеген адам жанының бейнесі ретінде қабылдау түсінігі көрініс табады. Осындай көйлек ноғайларда «ит көйлек», қарашайларда «итлик» деген атаумен де кездеседі. Әдетте оны отбасының жасы үлкен мүшесінің киілген киімінен — ер адамның жейдесінен немесе әйелдің көйлегінен тіккен. Бұл баланы өз әіккен. Бұл баланы өз әулетіне, өз тегіне қосудың бір жолы деп саналған.
Жалпы, қазақтарда балалардың киім-кешегіне әлі күнге дейін ерекше көзқарас сақталған. Мысалы, жуылған баланың киімін түнге қалдырып, далаға жайып қоймаған, өйткені оған жаман рухтар қонуы мүмкін деп сенген.
ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.