Қысқаша энциклопедия Қазақ мәдениетінің белгілері мен нышандары
Қазақ өнерінің белгілері мен символдары
Киіз үй семиотикалық кеңістік ретінде
Қазақ ою-өрнегінің тілі
- «Дөңгелек»
- «Күн нұры»/«Күн көзі»
- «Төртқұлақ»
- «Шимай»
- «Жұлдыз»
- «Ай»/«Айгүл»/«Айшық гүл»
- «Кемпірқосақ»
- «Шаршы»
- «Тұмарша»
- «Балдақ»
- «Ирек»
- «Су өрнек»
- «Төртүшкіл»
- «Қармақ»
- «Шынжыра»
- «Қарға тұяқ»
- «Қошқар мүйіз»/«Қос мүйіз»/«Сыңар мүйіз»
- «Аттабан»/«Аша тұяқ»
- «Құсмұрын»/«Құсқанат»/«Құсмойын»/«Құстаңдай»/«Қазмойын»
- «Ағаш гүл»
- «Ит құйрық»
- «Өткiзбе»/«Өркен»
- «Түйетабан»/«Өркеш»/«Ботамойын»/«Ботакөз»
- «Гүл»/«Қызғалдақ»/«Райхангүл»
- «Бөрi кұлақ»
- «Масақ гүл»«Арпабас»
- «Өрмекші»/«Алақұрт»
- «Жылан»/«Жыланбас»/«Жыланбауыр»
Дәстүрлі костюм семиотика аясында
Қазақ зергерлік өнерінің символ шығармашылығы
Материалдың символикалық мазмұны (қолөнер, қолданбалы өнер)
Қазақ музыкасының таңбалық табиғаты
Шалбар
Қазақтар «үйдің құты» ұғымымен байланыстыратын киім түрлерінің бірі — шалбар, әсіресе ішкі киілетін нұсқасы. Мұндай шалбар немереге алғашқы жаялық ретінде пайдаланылып, иесі қайтыс болған жағдайда да шаңырақта сақталған. Ішкі киімнің сакралдануы оның адам тәнімен, өмірлік қуатымен тікелей байланыстылығына негізделген. Сондықтан ол әуел бастан-ақ тұмарлық мәнге ие болған. Бұл түсінік ер адамның күшімен, қуатымен, бел аймағына қатысты ұғымдармен де сабақтасқан. Мұның көрінісі, әсіресе, сәндік мақсатта тігілген дәстүрлі қазақтың былғары не күдері шалбарларының әшекейінен байқалады. Олардың беті түрлі түсті біз кестемен көмкеріліп, өрнек композицияларында бақыт, өсіп-өркендеу, құнарлылық секілді игі тілек мағыналары бейнеленген.
ШайгОзова Ж.Н., Наурзбаева А. Б.
Краткая энциклопедия знаков и символов казахской культуры.
Алматы: КазНИИК, 2023.