Бұл мерекенің тарихы белгілі бір оқиғамен, ашылған жаңалықтармен байланысты емес, тіпті бұл белгілі бір мемлекеттің ресми мерекесі саналмайды. Дегенмен әлемдің археологтары оны кәсіби мереке ретінде тойлайды. Археология – оқшау, бірегей ғылым түрі. Болған тарихи оқиғалардың барлығы жазбаша деректер арқылы немесе археологтардың мәліметтері арқылы анықталады. Жазбаша деректерде көп мәлімет сақталмауы мүмкін, ал тұрмыстық материалдар арқылы біраз нәрсені білуге болады.
Археологтар күні ресми емес кәсіби мереке ретінде Ресей мен Белоруссияда тойланады. 2008 жылдан бері Украинаның ресми мейрамы. Бұл күн әдетте археология ілімімен таныстыруға арналады.
Осыдан 70 жылдай уақыт бұрын, соғыстың алдында Новгород қаласында қазба жұмыстары жүріп жатады. Археолог жастар тойлағысы келіп, экспедиция басшылығына барып: «Бүгін мереке. Тойлау керек еді?», - дейді. «Қандай мереке?» деп сұраған басшыларға олар: «Александр Македонскийдің аты Буцфельдің туған күні» деп жауап береді. Әлбетте туған күн тойланады. Кейіннен Буцфельдің туған күні ұмытылып, бұл күн археологтар күні болып кетеді.
Енді бір нұсқасында мерекені тойлау дәстүрі 40-50 жылдардағы экспедиция кезінде басталған делінеді. Ол кезде экспедицияны 15 тамыз күні туған археолог Т.С.Пассек басқарған екен. Басшыларының туған күнін жылда тойлайтын топ бұл мерекені дәстүрге айналдырады. 15 тамыз күні археологтар мерекесінің тойлануы осыдан қалған болуы мүмкін.