2015 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Коллегиясының кеңейтілген отырысының Шешіміне сәйкес Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мемлекеттік және ведомстволық бағынысты мұрағаттар мен ұйымдардың құжаттамалық қызметтерінің қызметкерлеріне біліктілікті арттыру бойынша курстар мен семинарлар ұйымдастыратынын хабарлайды.
Оқытуды Республиканың жетекші мұрағатшылары мен біліктілігі жоғары мамандар, нормативті актілер, іс жүргізу мен мұрағат ісі бойынша оқу және әдістемелік құралдардың авторлары жүргізеді.
Курстар аясында теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізіледі, курс аяқталған соң, куәлік беріледі. Топ кем дегенде 10 тыңдаушыдан құралады. Курстар Астана қаласында ұйымдастырылып, өткізіледі.
Барлық шығындарды бағыт беруші тарап немесе тыңдаушы өтейді. Семинар бағасына таратпа материалдар мен кеңсе жабдықтары кіреді.