Фильм солтүстік Сары-арқаның көшпенді мәдениетінің қалыптасуын тарихи-этнографиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысатын археологиялық экспедицияның жұмысы туралы.
Жобаны 2018 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Қазақ ғылыми-зерттеу ғылыми-зерттеу институты (ҚазҒЗМИ) жүзеге асырды.
Фильм Орталық Қазақстандағы ең қызықты ортағасырлық тарихи және мәдени орындардың бірі болып саналатын Нөгербек қонысының археологиялық зерттеулері туралы баяндайды.
Жобаны 2018 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты (ҚазҒЗМИ) жүзеге асырды.
Фильмде Үстірттің солтүстік-шығыс бөлігіндегі қола дәуірінің ерекше мәдени орталықтарының археологиялық зерттеулері туралы баяндалады.. Ғалымдар Тоқсанбайдың ежелгі қонысы, әсіресе оның қалыптасуы, дамуы және құлдырауын зерттейді.
Жобаны 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты (ҚазҒЗМИ) жүзеге асырды.
Арыстың Сырдария суына қосылған жерінен алыс емес, атағы және даңқы көп ғасырларға жеткен қаланың қираған орны бар. Ол- Отырар. Фильм Ұлы даланың інжу-маржаны және Орталық Азияның ортағасырлық тарихында Ұлы Жібек Жолындағы маңызды қала –Отырардың археологиялық шежіресі туралы.
«Отырар және Отырар оазисын археологиялық зерттеу» жобасы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министірлігінің тапсырысымен 2018 жылы Қазақ ғылыми зерттеу мәдениет институты (ҚазҒЗМИ) жүзеге асырылды.
Мыңтөбе Арал аймағындағы Алтын Ордалық ең үлкен қоныс Қала Ұлы Жібек жолының Арал теңізінің барлық аймағын кесіп өтетін тарамында орналасқан. Мыңтөбе қонысын археологиялық зерттеу Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық қалалық мәдениет тарихиның маңызды бетін ашады.
Алтын Ордалық Мыңтөбе қонысын археологиялық зерттеу жобасы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министірлігінің тапсырысымен 2017 жылы Қазақ ғылыми зерттеу мәдени институты (ҚазҒЗМИ) жүзеге асырды.
Тарихқа сүйенсек, ежелден Түркістан мен Сауран Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі экономикалық, сауда және мәдени орталықтар болған. Қалалар ауқымы, әсемдігі және маңыздылығы бойынша бір-бірінен қалысқан жоқ.
Қала қақпасынан өтіп, карат тас төселген екі орталық көшенің тоғысында тұрғын үйлер мен үлкен металлургиялық пештерді көріп, бос қаланың дыбыстарын үн салып, сіз бірнеше ғасыр бұрын осы жерде өмір қайнағанын түсінесіз.
Бір кездері қала Ұлы Жібек жолының басты жолдарының бірінде орналасты. Жібек, қымбат металдар, дәмдеуіштер салынған жүздеген керуендер осында тоқтаған. Бүгінде мұның бәрі қираған үйінді..
Фильм Сауранның тарихи шежіресінде жаңа беттерді ашқан 2017 жылғы археологиялық экспедицияның жұмысына арналған.
«Сауран қонысын археологиялық зерттеу» жобасын 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты (ҚазҒЗМИ) жүзеге асырылды.
Фильм Ботай архаикалық ерекше мәдени орталығының археологиялық зерттеуі туралы баяндайды. Ботай - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Иманбұрлық өзенінің оң жағалауында орналасқан энеолиттік қоныс (б.з.д. 4-3 м.ж.). Ботай қонысы 1980 жылы табылғанымен, археологиялық жұмыстар бүгінде сол жерде жалғасуда.
«Ботай қонысындағы әлеуметтік-экономикалық және дүниетанымдық контекстерде зерттеу және қайта құру» жобасын 2019-2020 жж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен жүзеге асырылуда.
Батыс Қазақстандағы Ботай мәдениеті - жаһандық масштабтағы бірегей тарихи және археологиялық жаңалық. Қазіргі уақытта жылқыларды алғаш ботайлықтар қолға үйретіп, бүкіл көшпелілер өркениетінің бастауы болғандығы белгілі.
Фильм 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты (ҚазҒЗМИ) жүзеге асырған «Ботай елді мекеніндегі әлеуметтік-экономикалық және идеологиялық контексті зерттеу және қайта құру» жобасы аясында түсірілді.
Екі мың жылға жуық уақыттың ұмытылып, құм мен шаңның астында қалған, бірақ әлі күнге дейін адамзат есіне кейде түсетін- Күлтөбе ежелгі қонысы уақыт ағымында жоғалып кетті. Бүгін ежелгі Түркістанға Ұлы Даланың ең әйгілі орталығы болған қаланы қайтаратын уақыт жетті. Күлтөбе ежелгі қонысы - Түркістанның ежелгі бөлігі, Ясы деген атпен белгілі. Дүниежүзілік тарих пен мәдениетте Түркістан -Ясы суфизмнің түркі саласының негізін қалаушы, ойшыл және ақын Қожа Ахмет Яссауи тұлғасымен мәңгі байланысты.
Фильм ERG қаржылай қолдауымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениеті институты (ҚазҒЗМИ) жүзеге асыратын «Күлтөбе қонысының тарихи нысандарын қалпына келтіру» жобасы аясында түсірілді.