Әкім Ысқақтың туған күні

1909

Әкім Ысқақ – бірінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы, Қазақстанның 1997 жылының «Жыл адамы», жазушы, сазгер.

1960 жылы 3 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді.

Шымкент педагогтық институтын бітірген, физика және еңбек пәнінің мұғалімі, Алматы мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. 2008 жылы Германияның Шпайер қаласында Әкімшілік ғылымдар жөніндегі Неміс университетінде мемлекеттік қызметкерлердің курсында оқып, білім алған.

1980 жылдан өзі оқыған Абай атындағы орта мектеп мұғалімі, 1990 жылғы сәуірден Бөген аудандық партия комитетінің идеология бөлімінің нұсқаушысы. 1990 жылы «Лениншіл жас» газетінің Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстары бойынша меншікті тілшісі, әрі 1991 жылы халық депутаттары Шымкент облыстық кеңесінің Баспасөз хатшысы болды.

1999 жылдан Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, ҚР Парламенттінің жауапты қызметкері.

Қазақстан парламентаризмінде тұңғыш қазақ тілінде, әрі Үкіметке баламалы негізде «Халықтың көші-қоны туралы» заңын жазған депутат ретінде аты тарихта қалды.

2011 жылы «Махаббат хаттары», «Әке аманаты», «Ақсауытты Ақтамберді» атты кітаптары жарық көрді.

Орыс тілінде «Записки сердца», «Мелодий дождя» атты кітаптары жарыққа шыққан. Шығармалары орыс, өзбек, түрікмен, қырғыз тілдеріне аударылған.

partial()->view->headLink()->appendStylesheet('/css/social-likes.css') ?> headScript()->appendFile('/js/social-likes.min.js') ?>