Қазақстан мәдениет және спорт вице-министрі мен Польша дипломатиялық өкілдігінің басшысы екі мемлекет арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастығын талқылады

22.01.2015 09:10 1570

 

2015 жылдың 21 қаңтарда Астана Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Г. Ахмедьяров және Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Яцек Ключковскидің кездесуі өтті.

Тараптар екі ел арасында орнатылған мәдениет саласындағы өзара достас қарым-қатынастарының деңгейін жоғары бағалаған болатын.

Польша Елшісі антропология, этнография, әлеуметтану, тарих, мәдениет салаларындағы жас зерттеуші, поляк әдебиетін аударушылар мен жас суретшілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын "Gaude Polonia" және "Thesauruc Polonia" стипендиалық бағдарламалары туралы баяндап, осы жобаларға жас қазақстандықтарды қатысуға шақырды.

 Сонымен қатар кездесу барысында мемлекеттер арасындағы мәдени алмасу мен шығармашылық байланыстарды кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мәселелері талқыланды.

по материалам: mk.gov.kz