Бейбітшілік пен келісім сарайының сахнасында «Ғасырдан ғасырға» кеші өтеді

22.01.2015 09:15 1683

28-ші қаңтарда Бейбітшілік пен келісім сарайының сахнасында «Астана Балет» театры Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Балет және ұлттық би өнерін  дамыту және қолдау қоры» жеке қорының қолдауымен көрермендерге әлемдік хореография жауһарларынан құрастырылған «Ғасырдан ғасырға» атты екі бөлімді балет кешін ұсынады.

Екі бөлімнен тұратын айтулы бұл кештің хореографисын белгілі петербор педагог-хореографтар Алтынай Асылмұратова мен Елена Шерстнёва қойған.

Шара бағдарламасын «Корсар» балетінен «Жаңғырған бақ» көрінісі және Михаил Фокин мен Анна Павлова қойған хореографиялық миниатюралар құрайды. Санкт-Перебор хореографтары ұлы Анна Павлованың репертуарынан алынған миниатюраларды «Астана Балет» театрына сақтайтындығына сенім білдіре отырып тапсырған болатын.

Әлемдік балет қорына енген Анна Павлованың «Орыс биі», «Инелік», «Рондино», «Калифорниялық көкнәр», «Түн», «Аққу» миниатюралары жинақтаған түрде көрермендерде таңқаларлық әсер қалдырады деп күтілуде.

по материалам: mk.gov.kz