Елбасы мәдениет және спорт министрін және танымал педагог-хореограф, Ресей Федерациясының Халық әртісі Алтынай Асылмұратованы қабылдады

27.01.2015 09:17 1529

 

27 қаңтар, 2015. Астана. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР мәдениет және спорт министрін Арыстанбек Мұхамедиұлы мен белгілі педагог-хореограф, Ресей Федерациясының Халық әртісі Алтынай Асылмұратованы қабылдады.

Кездесу барысында отандық мәдениет және балет өнерінің Қазақстандағы қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі мәдениет саласының елеулі рөлін, оны дамыту үшін тиісті инфрақұрылым қалыптастыруды да қоса қамтитын қажетті жағдайларды жақсартудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ ел ішінде де, сыртта да  мойындалып үлгерген қазақстандық мәдениеттің әлеуеті зор екеніне назар аударды.

А.Асылмұратова өзін қабылдағаны үшін Қазақстан Президентіне алғысын білдіріп, шығармашылық жоспарлары жөнінде және болашақта еліміздің шығармашылық ұжымдарымен ынтымақтасуға дайын екендігін айтты. 

по материалам: mk.gov.kz