Чемпионаттардың жалпыкомандалық есебінде 10 алтын, 4 күміс және 4 қола — жалпы саны 18 жүлдемен Норвегия құрамасы сенімді жеңіске қол жеткізді. Екінші орынға Ресей командасы табан тіреді (4 алтын, 8 күміс және 6 қола медаль). Ал Германия құрама командасы 4 алтын, 5 күміс және 2 қола медальді қанжығасына байлап, үшінші орыннан көрінді.
Сонымен қатар, ең үздік өнер көрсеткен командалардың қатарына Австрия (1 алтын, 2 күміс, 2 қола) және Италия (1 алтын және 1 қола жүлдеден) ілігіп, сәйкесінше 4 және 5 орындарға ие болды.
Жалпы чемпионаттарда 21 жүлде топтамасы додаға салынып, әлемнің 36 мемлекетінен келген 500 спортшы өнер көрсетті.
по материалам: mk.gov.kz