ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІ
ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ МӘДЕНИЕТ ИНСТИТУТЫ
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
2013 жылдың 26-27 қыркүйегінде Алматы қаласында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ұйымдастыруымен «МӘДЕНИ ЛАНДШАФТ МҰРА ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді.
Семинар институттың «Көшпелілердің тарихын, археологиясын, этнографиясын, мәдениетін және өнерін тануға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру жұмыстары аясында ұйымдастырылуда.
Халықаралық семинардың мақсаты – «Мәдени ландшафт» концептінің теориялық-әдіснамалық негіздеріне қатысты сұрақтарға жауап беру, топонимикалық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық мәселелерін, Қазақстанның тарихи топонимикасын тарихи-компаративті тұрғыда зерттеудің өзекті мәселелерін, мәдени ландшафт объектісі болып саналатын тарихи және мәдени ескерткіштер, мәдени ландшафтың бөлігі ретіндегі материалдық емес мәдени мұраны және таңбалар мен тастағы жазуларды зерттеуге қатысты мәселелерді кеңінен талқылау. Сонымен бірге Қазақстандағы тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштерді қорғау, осы саладағы заманауи инновациялық технологияларды игеру процестері сынды мәселелер талқыланады.
Семинарға ТМД елдерінен келетін ғалымдар: Веденин Юрий Александрович, г.ғ.д., Д.С. Лихачев атындағы мәдени және табиғи мұра институтының Бас ғылыми қызметкері (Мәскеу, Ресей); Аминев Закирьян Галимьянұлы, т.ғ.к., доцент, Башқұртстан республикасы Гуманитарлық зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері (Уфа); Абдуллаева Асмер Видади, (Баку, Әзірбайжан), «Ичеришехер» тарихи-архитектуралық қорығының қызметкері, Әзірбайжан Мемлекеттік Өнер академиясының оқытушысы; Мирзаев Джалалитдин Зайниұлы, т.ғ.к., Термез археологиялық қорығының аға ғылыми қызметкері (Термез, Өзбекстан); Мидинова Бақтыгүл Әбділәзизқызы, «Сулайман-Тоо» Ұлттық тарихи-археологиялық мұражай кешені Бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, (Ош, Қырғызстан).
Сондай-ақ семинарға еліміздің осы салада еңбек етіп жүрген ғалымдары, Қазақстанның қорық-мұражай, мұражай мамандары мен облыстың тарихи және мәдениет мекемелерінің басшылары қатысады.
Өтетін орны: «PARASAT» қонақ үйінің конференц-залы (Елебеков көшесі, 10-16)
Байланыс телефондары: 291 46-54, +7 7772337490, +7 707 829 20 45.
Тіркеу уақыты 09.00
Басталуы: 09.30