2015 жылдың 10 ақпанында Норвегияның Хамар қаласында шаңғыда бағдарлаудан Әлем чемпионаты басталды. Беделді жарысқа қазақстандық спортшылар да қатысуда.
Қазақстан құрамасының көшбасшылары Ольга Новикова мен Михаил Сорокин аралас эстафетада (mix-relay) әлемнің 19 мықты командаларының арасында 4-ші орынға ілігіп, өз шеберліктерін тағы да растады.
Аралас эстафетаның дәстүрліден айырмашылығы — бұл жарысқа тек екі спортшы (ер және әйел адам) қатысып, кезекпен үш кезеңнен (жалпы саны 6 кезең) өтетіндігінде. Әр кезең 7-9 минутқа алады.
Аталмыш Әлем чемпионатына күшті спортшылардың барлығына дерлігі қатысып жатыр. Олардың арасында үздік бестікке ілігу өте жоғары дәреже болып табылады.
по материалам: mk.gov.kz