Қазақстан мен Норвегия әлемдік тарихи мұралардың сақталуына ортақ көңіл бөледі

12.02.2015 09:05 1418

 

 

12 ақпан, 2015. Астана. Бүгін ресми кездесу барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Норвегия Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Оле Йохан Берной екі мемлекеттің тарихи-мәдение мұраларды сақтау мен насихаттау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылаған болатын.

Дипломатиялық өкілдіктің басшысына арналған сәлемдесу сөзінде мәдениет және спорт министрі екі мемлекеттің достық қарым-қатынастары мен ынтымақстастығы Қазақстанның тарихы мен тарихи-мәдени ескерткіштерін зерттеу саласындағы өзара байланыстарға негізделгендігін айтты.

Қазақстандық және норвегиялық ғалымдар жартас өнерінің ескерткіштері - Тамғалы археологиялық ландшафтындағы петрогилифтерді презентациялау мен дайындау бойынша көлемді жұмыстар жүргізген болатын. Аталмыш жоба 4 жылға созылып, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра Тізіміне енуімен аяқталған болатын.

«Елбасы Н. Назарбаев қазақстандық мәдени мұралардың сақталуы мен насихатталуына зор көңіл бөледі. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері ұлттық комиссиясының басшысы ретінде, мемлекетіміздің тарихи объектілерін Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу бойынша біздер кеңауқымды жұмыстар жүргізіп жатқандығымызды хабарлағым келеді. Бұл орайда біздер үшін норвегиялық әріптестерімізбен ынтымақтастық өте маңызды болып табылады», — деп хабарлады А. Мұхамедиұлы.

Мәдениет және спорт ведомствасының басшысы жуырда Қазақстанға солтүстік мемлекеттердің үндіеуропалық тамырларын зерттеуге келетін норвегиялық ғалымдар тобын Тамғалы шатқалына сапар шегуге шақырды: «Норвегиялық әріптестеріміздің біздің тарихи ескерткіш-қорықты жайластыру мен жақсарту бойынша кеңестерін қызыға қарсы алар едік», — деді ол.

Норвегия Елшісі мәдениет министрінің шақыруын қуана қарсы алып, Жетісуағы жартас өнерінің ең көрнекті ескерткішіне норвегиялық топтың келуіне барынша қолдау көрсетуге дайындығын білдірді. Сонымен қатар бұрын Тамғалыда болып, тарихи ескерткіштермен ғана емес, қазақ табиғатының біртуар ерекшеліктерімен қайран қалғандығын хабарлады.

«Қазақстандық және норвегиялық ғалымдардың ұзақмерзімді ынтымақтастығы тарихи тамырларымыздың ғана емес, бүгінгі жастарымыздың да ортақтығын дәлелдейтіндігіне сенімдімін», — деді О. Й.Берной.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Норвегия мәдени мұраларды сақтап қалу саласында ғана емес, бұқаралық спорт пен спорттық қозғалысты дамытуда да бірқатар жетістіктерге жететіндіктеріне сенім білдірді.

по материалам: mk.gov.kz