2015 жылғы ақпанның 9 мен 14 жұлдызы аралығында Алматы қаласында тоғызқұмалақтан ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтті.
Кубок швейцар жүйесі бойынша 7 тур бойынша өткізіліп, оларға республиканың он облысы мен Астана, Алматы қалаларының спортшыларынан тұратын жалпы 12 команда қатысты.
Сайыс қорытындылары бойынша бірінші орында — Ақтөбе облысы, екінші орыннан Қызылорда облысы көрінсе, үшінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысы табан тіреді.
по материалам: mk.gov.kz