16 ақпан, 2015. Астана. Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Ведомства жиналысында өткен жылдың жұмыс қорытындылары мен саланың 2015 жылда даму келешегі қарастырылды.
Алқаның кеңейтілген отырысына саланың барлық белсенділері – орталық аппарат, комитеттер мен ведомствалық бағынысты ұйымдардың басшылары – қатысты.
Премьер-Министрдің орынбасары мемлекеттің әлеуметтік саясатын тиімді жүзеге асырудағы Мәдениет және спорт министрлігінің ерекше орнын айшықтады. Ол мәдениет, спорт және дін секілді стратегиялық маңызы бар салалар әр азамат үшін бірдей әлеуметтік ортаны қалыптастыруға бағытталуы қажет екендігін айтты. Бұл міндет, бүгін, Үкімет экономикамызға сыртқы факторлардың әсерін тоқтату бойынша шаралар жүргізіп жатқан кезде әсіресе өзекті болып табылады.
Министр А. Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт министрілігінің 2014 жылы жүргізген жұмыстарының нәтижелері туралы баяндаған болатын. Мәдениет саласында 2014 жылғы жобалардың ішінде ең маңыздысы тәуелсіздік тарихында алғаш рет қабылданған Қазақстан Республикасының мәдени тұжырымдамасы болып табылады. Тұжырымдаманың басым бағыттарының қатарына мәдениет және өнердің жеке салаларын дамыту, заманауи мәдени кластерлерді қалыптастыру, инновациялық технологияларды енгізу, білім беру саясатын, танымал брендтерді қалыптастыру және т.б. қосады.
Сала басшылары өз баяндамаларында мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, спортты дамыту саласында жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту, дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау және архив ісі жүйесін жетілдіру мәселелеріне тоқталып өтті.
Премьер-Министрдің орынбасары айтып кеткендей, мәдениет саласындағы басым бағыт Мәдениет саясаты Тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша Үкіметпен бекітілген Шаралар жоспары анықтайды. Оны атқарудың сапасы барлық құзырлы органдардың тығыз байланыстарына тәуелді. Нақты айтқанда, өнердің барлық бағыттарына дерлігінің өкілдерін біріктіретін шығармашылық одақтармен өзара байланыстарды арттыру маңызды болып табылады.
Үкімет басшысының орынбасары мәдениет және спорт саласындағы басты міндеттердің бірі ретінде Елбасының халықтың кең топтарына арналған қызмет көрсетулердің қолжетімділігін арттыру бойынша тапсырмасын айтып өтті.
Спорт инфрақұрылымын дамыту үшін спорттық объектіледі салу кезінде мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік потенциалын пайдалануды кеңейту және министрліктің жергілікті атқарушы органдармен өзара байланысын күшейту маңызды.
Қоғамдық-саяси сала мен тілдер саясатын жүзеге асыру Министрлік жұмысының басты бағыттарының қатарына жатқызылды. Сонымен бірге, осы жылдан бастап мәдениет және өнер саласында кәсіби білім беру мен кадрлерді даярлауды жетілдіру мәселелері де өзектіндіріледі.
Отырыс соңында Б. Сапарбаев министрліктің құзырына жататын салаларда нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін басымдылықты жүйелілік пен кешендік әдістерге беру қажеттігін басып айтты.